Елімізде
болған ең ірі террорлық шабуылдан кейін әуежайлар да қауіпсіздік шараларын
күшейту үшін әлек болып жатыр. Кейбірі Ақтөбе оқиғасынан кейін, қауырт жаңа
қондырғылар орнатты. Ал кейбір жерлерде жүк пен жолаушының қауіпсізігінен
бөлек, әуежай ғимаратына кіріп-шыққандар тегіс тексерілуде.
Ақтөбеде
болған қайғылы оқиғадан кейін қауіпсіздікке көңіл бөліне бастады. Мәселен, Қызылордадағы "Қорқыт Ата" әуежайы бұрын-соңды көрмеген тексеріс қондырығысына қол жеткізді.
Қызылордалықтарға таңсық көрінгенмен, ол еліміздегі көптеген әуежайларда бар жылжымалы жүк
тексергіш мынадай сканер. Облыста әуежай мен теміржол вокзалдарындағы күзет бес
есеге күшейтілген. Кезекші екі сержанттың орнына қазір тәулігіне он полицей
төңіректі ториды. Сондай-ақ тәртіп сақшылары енді жолаушы пойыздарына шығып,
тексермек. Айтуларынша, воказал аумағында бейнебақылау камералары жетіспейді.
Ербол
Абдраманов, Қызылорда облыстық ішкі істер желілік бөлімі бастығының орынбасары:
Қызылорда
стансасының теміржол вокзалында 22 бейнекамера орнатылған. Алайда олар
жеткіліксіз деп айтуға болады. Және аудандарда жиелік полиция бөлімдерінде бір
де біреуінде бейнебақылау камералары орнатылмаған. Қазіргі заман талабына
сәйкес әуежайларда нейтронды радиациялық құралдар қажет. Сондай-ақ жарылғаш
заттарды іздейтін арнаулы қызмет иттері керек.
Ал
Шымкенттегі әуежайда толық тексерістен өтпей табалдырықтан аттатпайды. Жол
жүретіндер, шығарып салатындар, тіпті әуежай қызметкерлері ғимартқа кірерде
тегіс мына телевизиялық сканердің жанында бөгеледі. Мұнда күнделікті жолаушылар
ағыны мың шақты адам. Бұған дейін бәрі ғимаратқа емін-еркін кіріп шығатын. Тек
ұшу алаңына өткенде жүктерімен бірге жолаушылар тексерілетін.
Валерий
Истюфеев, «Шымкент әуежайы» АҚ өндіріс жөніндегі басқарма басшысының
орынбасары:
Халық
тексерудің күшейтілгеніне түсіністікпен қарап жатыр. Неліктен бұлайша тексеруді
қиындатып жібергенін сұраушылар да жоқ емес. Бірақ бәрі де сақтық үшін екенін
түсіндіріп жатырмыз. Мына қондырғы жүк арасында суық қару, металл, бөгде заттар
мен жарылғыштардың барын бірден анықтайтын мүмкіндікке ие.
Қазір
жұмыс істемейтін әуежайлар да бар. Мысалы, Петропавлда. Мұнда тесілген шатырдан
аққан жаңбыр суының тырсылы ғана естіледі. Қараша айына дейін күрделі жөндеуге
жабылған. Қазынадан 1 млрд теңге бөлініпті. Мұнда да жүктің қауіпсіздігін тексеретін стандартқа сай қондырғы жоқтың
қасы.
Марат
Хасенов, «Петропавловск қ.халықаралық әуежайы» АҚ директоры:
Күрделі
жөндеу аясында қажетті қондырғы сатып аламыз. Рентген телевизиялық қондырығысы
заң бойынша Қазақстандағы барлық әуежайда болуы тиіс.
Террорлық
қауіп-қатер басым Америка әуежайларында жүкті ғана емес, адамды да сканерлейді.
Бөгде біреудің қолмен тексеруін жақтырмайтындар осындай қондырғы көмегіне жүгінеді.
Сканер компьютерге адам тәнін жалаңаштап шығарады. Ал бұдан ыңғайсызданатындар
полицейдің "қолына" өтеді. Десе де, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін,
сақтық шараларына көбі түсіністікпен қарайды. 5 маусымнан бастап 40 күнге
Қазақстанда да террорлық қауіп-қатердің сары белдеуі енгізілді. Сондықтан бізге
"сақтық мәдениетіне" мойынсұнуға тура келеді.
Мөлдір
БАҚЫТҚЫЗЫ