$510.58 €571.8 ₽6.34
×

Нан бағасы бір келі ұнның бағасымен тең болуы ықтимал

AstanaTV
09.11.2015ж. 20:00
2138
Нан бағасы бір келі ұнның бағасымен тең болуы ықтимал

Әлеуметтік арзан нан тек әлеуметтік әлсіз топтарға ғана сатылмақ. Сондықтан билік субсидия көлемін 10 миллиардқа қысқартпақ. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі мәлімдеді. Ал жаңа жылдан бастап табысы мен тұрмысы жақсылар нанды қанша теңгеден сатып алады? Тілшіміз Берік Хасенов біліп қайтты. 

Әлеуметтік нанның құнын қолжетімді бағада ұстау үшін, мемлекет биылдың өзін 11,5 миллиард теңге жұмсаған. Асылжан Мамытбековтың айтуынша, нан бағасын субсидиялау мемлекет үшін тым қымбатқа түсіп отыр. Себебі әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға арналған нанды бұл күні байлар да, орта деңгейлі азаматтарда сатып алады. Бұл әлеуметтік тұрғыда әділетсіз,- дейді Асылжан Мамытбеков. Сондықтан мемлекет нақты көмекке зәру жандарға көмек көрсетуді шешкен.

Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

Бұл ешқандай девальвацияға байланысты емес, ешқандай мынау астықтың жеткілікті не жеткіліксіздігіне емес. Бұл жалпы мынау нанды тек қана тиісті әлеуеті төмен азаматтарға беру тиіс дене бағытпен жүргізіліп жатыр. Қалтаға қатты ұратын семьяларға, отбасыларына адресті түрде әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Осылайша үкімет 11-12 миллиард теңгенің орнына тек 2 миллиард теңге жұмсамақ. Ал оның қандай ережемен берілетінін денсаулық сақтау министрлігі шешуі тиіс екен. Ал нан өндіруші кәсіпорын иелері  ас атасының өсуінің арқасында жабдықтарды жаңартып, нанның сапасын арттырамыз деп отыр. Ал жаңа жылдан бастап бір бөлке шамамен 80 теңгенің үстінде болмақ.

Абдрахым Төлендиев, «Столичный хлеб - сауда» ЖШС директоры:

Хлеб будет стоить столько, сколько стоил 1 кг муки. 65 - 75 теңге сейчас. Ну, 70 теңге в среднем. 80-85-тен сатамыз. Бір бөлке нан 85-90 теңге болса, кішкене қадірін біліп бағалайық та бұны.

Берік Хасенов, тілші:

Ас атасы нанды дастарханның басынан бөлек қазір осындай қоқыс алаңыннан көп байқаймыз. Нан өндіруші кәсіпкерлер әлеуметтік нанға деген бағаның төмен болуы оның қадірін кетірді деп айтуда. Арзанның сорпасы татымасты алға тартуда.

Ресми статистикаға сүйенсек, әр қазақстандық жылына 70,7 келі нан тұтынады екен. Оны 365 күнге бөлсек, ол күніне 200 граммнан келеді. Ал әлеуметтік нанның салмағы 600 грамм. Сондықтан арзан бағаның арты ысыраптыққа әкеп соғуда,- дейді кәсіпкерлер.

Берік ХАСЕНОВ