$498.34 €519.72 ₽4.85
×

4 әскери Каспий теңізіне батып кетті

AstanaTV
18.09.2015ж. 20:00
1523
4 әскери Каспий теңізіне батып кетті

Ақтауда төрт әскери қаза болды. «Орталық-2015» оқу-жаттығуы кезінде Каспий теңізіне алты БТР-80 көлігі мен 52 әскери шыққан. 150 метр қашықтықты жүзіп өткен олар теңіз дауылына қалады. Қатты желден биікке көтерілген толқын 4 БТР-ді суға батырып жіберген. Қалған екі техника аман-есен жағаға шықты. Апат салдарынан жедел қызметтегі төрт әскери суға батып кетті.

Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов бас инспекцияға арнайы топ жасақтап, оқиға орнына дереу ұшып, мән-жайды анықтауды тапсырды.

Айгүл ӘДЕПБАЙ 


Алдыңғы жаңалық