$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Өскеменде наноөсімдіктердің кешені тұрғындар назарына ұсынылды

AstanaTV
18.09.2015ж. 20:00
2102
Өскеменде наноөсімдіктердің кешені тұрғындар назарына ұсынылды

Миндаль, тамариск, самшит, жапон спиреясы сияқты әлемнің 20 жуық түрлі экзотикалық гүлдері мен ағаштары - Өскемен қаласына әкелінді. Қазақстандағы жалғыз наноөсімдіктер кешені келушілердің назарына ұсынылды.

Барлық наноөсімдіктер Дания елінде өсірілген. Ботаниктер ашық жерде өсе алатын, әрі Шығыс Қазақстан облысының қысы мен жазына төзімді арнайы түрлерін таңдаған. Мәселен, көгілдір қарағайдың ұзындығы табиғат аясында 10 метрге дейін жетеді. Бірақ мамандар заманауи технологияның арқасында оның биіктігін 10 есеге қысқартты. Ал миндаль мен басқа да экзотикалық өсімдіктер әлі көшет сияқты көрінеді. Шын мәнінде, олардың жас шамасы әлдеқайда үлкен.

Қазірде тұрғындар ғажайып кешенді ерекше ықыласпен тамашалауда. Ал мамандар болса, арнайы жабынды орнатуды жоспарлап отыр. Осылайша, олар кішкентай өсімдіктердің қыстан аман шығуын қамтамасыз етпек.

Александр Бочагов, ШҚО ботаникалық мұражайдың меңгерушісі:

Қарды ұстап қалатын тосқауылдар орнатамыз. Қораптардан арнайы жабынды жасалды. Өйткені біздің климат қатты, сондықтан оларды қыстан аман алып қалудың амалын жасап жатырмыз. Әзірге бәрі ойдағыдай. 

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ


Алдыңғы жаңалық