Алматы
жұртшылығы кезекті рет қала күнін атап өтті. Еліміздегі ең үлкен шаһардың туған
күнін атап өту үшін, қала әкімшілігі бірнеше мерекелік шаралардың
бағдараламасын бекіткен болатын.
Ең бастысы - «Алма фестивалі» - қарапайым
алматылықтар мен қала қонақтарының көптен күткен мерекесі. Бұл күні меймандар
бақша баптаушыларының қолынан әйгілі Алматы апортының шынайы дәмін татуға
мүмкіндік алады. Фестивальге биыл 100 мың тонна алма мен алмұрт әкелінген.
Тұңғыш Президент атындағы саябақта басталған меркемен қала әкімі өзі құттықтап,
Алматының «Құрметті азаматы» атақтарын табыстады. Биыл «шаһарға ерекше еңбегі
сіңген» деген құрметке: сәулетші-дизайнер, Қазақстан Елтаңбасының авторы
Шота-Аман Уәлиханов, КСРО Халық әртісі Асанәлі Әшімов және қаржыгер Дәулет
Сембаевтар ұсынылған.
Бауыржан
Байбек, Алматы қаласының әкімі:
Елбасы
өзі құрған Тұңғыш Президент саябағында дәстүрлі түрде бүгінгі мереке жыл сайын
өткізіліп келеді. Алматы тұрғындары қала қонақтары қаланың жетістіктерімен
көріп, халықпен бірге қыдырып, балаларын алып шығып, күзді жақсы өткізеді
деген сенімдемін. Іс-шара Алматыда ең
жақсы көретін дәстүрлі шараға айналды. Алматы символына айналған алма сорттары
фестте ұсынылып отыр.
Мереке
жексенбіге түскендіктен, халықтың қарасы да көп болды. Спорттық ойындар, дәмді
тағамдар фестивалі, концерттік бағдарламалар мен балаларға арналған тегін
аттракциондар көпшілік иглігіне ұсынылды. Орталық демалыс саябағында да бұл
күні мерекелік шаралар ұйымдастырылған. «Смайлик шоу» деп аталатын қызықты
бағдарлама көптің көңілінен шықты. Батпырауықтарды әуеге ұшыру мен
кештұрым «Сұңқар» спорт кешенінде өткен
Еуразиялық музыкалық сыйлықтарды табыстау рәсімі мерекенің көркін қыздырды.
Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ