Сирияны
лаңкестерден тазарту кезек күттірмейді. Елдегі саяси жағдай - екінші кезектегі
мәселе. Иран президенті Хасан Рухани
Батыстың БАҚ өкілдеріне сұхбат бере отырып, осыны мәлімдеді.
Айтуынша, Сирия халқы лаңкестерден сескеніп отырғанда, саяси мәселелерді талқылаудың маңызы да жоқ.
Қауіпсіздік мәселесі шешілмейінше, билік пен оппозицияның арасында диалог орнату
да мүмкін емес, деп қосты ол. Ал АҚШ
мемлекеттік хатшысы Джон Керридің соңғы мәлімдемелеріне қарағанда, Вашингтон Сириядағы
ахуал жайында келіссөздер өткізуге дайын. Осы орайда Ресей мен Иран арағайын
болуға ынталы екенін білдірді.
Хасан
Рухани, Иран президенті:
Лаңкестер
бой бермей, жаппай адам өлімі болып жатқан елден миллиондаған адам кетуге
мәжбүр. Осы елдің билігі қолдау көрсетпесе, террористермен қалайша күрес
жүргізуге болады? Үкімет билікті тастап жатқанда, қандай амал бар?
Ләйлә
ҚАЗИЯҚПАРОВА