Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Франсуа Олланд: Босқындарды Еуропа елдерінің барлығы да қабылдауы керек

AstanaTV
21.09.2015ж. 20:00
955
Франсуа Олланд: Босқындарды Еуропа елдерінің барлығы да қабылдауы керек

Босқындарды Еуропа елдерінің барлығы да қабылдауы керек. Мароккода өткен баспасөз конференциясында Франция президенті Франсуа Олланд осылай деді. Бұл туралы Рейтерс хабарлайды.

Еуродақ елдеріне 120 мың босқынды орналастыру туралы келесі жиын ертең Брюссельде өтеді. Онда
ішкі істер министрлерінің қатысуы жоспарланған. Ал сенбі күні Болгария босқындар үшін шекараны жауып тастады. Венгрия болса, Хорватиямен араға темір тікенекті бөгет тартып тастады. Ақпарат құралдары шекараға әскер тартып жатқанын хабарлаған.

Соңғы уақытта келімсектерге қарсы шабуылдар жиіледі. Германияның Лейпциг және Герстунген қалаларында олардың тұрағына қасақана өрт қойылған.

Франсуа Олланд, Франция президенті:

Еуропаға келген босқындарды орналастыру барлық елдерде бірдей жүруі керек. Ешкім  бұлтармауы тиіс. Әйтпесе, біз  ортақ құндылықтар мен ортақ принципке құрылған қоғамға жатпаймыз. Франция үшін шенген тәртібін орындау маңызды. Екіншіден, босқындарды қабылдаған елдерге көмектесу, оған жағдайы келмегендерге қол ұшын созу қажет. Мәселен, Иордания, Ливан мен Түркияға. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ