$519.51 €611.83 ₽6.6
×

П. Пинейру: Еуропадағы көші-қон дағдарысы Сириядағы қақтығыстармен тығыз байланысты және бұл мәселені жекелей реттеу мүмкін емес

AstanaTV
22.09.2015ж. 10:00
5626
П. Пинейру: Еуропадағы көші-қон дағдарысы Сириядағы қақтығыстармен тығыз байланысты және бұл мәселені жекелей реттеу мүмкін емес

Еуропадағы көші-қон дағдарысы Сириядағы қақтығыстармен тығыз байланысты және бұл мәселені жекелей реттеу мүмкін емес. «Бұл туралы БҰҰ кеңесінің Женевада өткен 30-шы сессиясында, адам құқығы бойынша комиссия басшысы мәлімдеді», - деп хабарлады «Рейтерс».

Ол босқындардың дағдарысы қазіргі кездегі Сириядағы жағдайдың салдарынан туындап отырғандығын еске салды. Оның айтуынша, «көбінесе қарапайым халық» соғысатын тараптардың құрбаны болуда. Сол себептен тұрғындар елін тастап кетуге мәжбүр. Адам құқығы бойынша комиссия басшысы: «Сирия соғысында әскери жеңіске жетем деу - бос сөз. Қанды қақтығысты тек саяси жолмен шешуге болады», - деп атап өтті.

Жыл басынан бері Еуроодақ 340 мыңға жуық босқынды қабылдаған. Алайда олардың нақты саны ешкімге белгісіз. Өйткені күн сайын Еуропаға бас сауғалап келушілердің легі жалғасуда. Тіпті көші-қон дағдарысы елдер арасындағы қарым-қатынасқа ықпалын тигізе бастаған.

Заңғар САНАЙ 

Алдыңғы жаңалық