$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Павлодар облысы әкімінің экс-кеңесшісі Т.Бәстенов сот залынан босап шықты

AstanaTV
22.09.2015ж. 10:00
1509
Павлодар облысы әкімінің экс-кеңесшісі Т.Бәстенов сот залынан босап шықты

Павлодар облысы әкімінің бұрыңғы кеңесшісі Төлеген Бәстенов сот залынан бостандыққа шықты. Облыстық соттың апелляциялық комиссиясы экс-шенеунікке қатысты үкімді өзгертті. Енді ол бір жарым жылға дейін еркіндігінен шектелетін болды.

Еске салсақ, үстіміздегі жылдың сәуірінде Төлеген Бәстенов, 10 миллион теңге көлемінде пара алды деген айыппен 3 жыл 6 айға сотталған болатын. Тергеу изоляторында болған уақытын ескере келе, Бәстенов екі жарым жыл отырып, тек 2017 жылдың жазында еркіндікке шығуы керек болатын. Апелляциялық комиссияның шешіміне орай, енді Төлеген Бәстенов алдағы бір жарым жылда тұрғылықты мекен-жайын, жұмысын өзгертпеуі тиіс. Сонымен қатар, экс-шенеунікке, құзырлы орындарды ескертпей, басқа өңірлерге шығуға тыйым салынды. Мұндай жеңілдік жасауға, бұрынғы шенеуніктің адвокаттары өтініш жасапты. Экс-шенеунік болған АП 162/1 түзеу мекемесінің әкімшілігі де оның жақсы қырынан танылғанын айтып, шешімнің өзгеруіне қарсылық білдірмеген. 

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ

Алдыңғы жаңалық