$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Moody's Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің өсімін 2016 жылы 2%-ға дейін төмендетті

AstanaTV
22.09.2015ж. 20:00
1239
Moody's Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің өсімін 2016 жылы 2%-ға дейін төмендетті

Moody's Investors Service - халықаралық рейтинг агенттігі, еліміздің экономикалық өсімі биыл 1,5%, ал 2016 жылы 2% деңгейінде болады, деп болжайды. Дегенмен Интерфакс-Қазақстан агенттігінің хабарлауынша, мұнай өндірісі артып, бағасы көтерілсе, өсім деңгейі 4 пайызға көтерілуі де мүмкін, деген тағы бір болжам бар.

Айта кетейік, Moody's-тің сәуір айындағы жорамалы басқаша болатын. Олар 2015 жылы жалпы ішкі өнімнің өсімі 1,5%, 2016 жылы 2,2% және 2017 жылы 3,3% деңгейінде болады деп болжаған. Ал 2016-2018 жылғы республикалық бюджет жобасында ЖІӨ өсімі келесі жылы 2,1%, 2017 жылы - 3,6%, және 2018 жылы - 2,9% көлемінде күтіліп отыр.

Айгүл ӘДЕПБАЙ