Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының 70-ші сессиясының жұмысына қатысады. 26-29
қыркүйек күндері Президент Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласына ұшып
барады деп жоспарланған, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мерейтойлық
сессия жұмысына Нұрсұлтан Назарбаевты БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун арнайы
шақыртқан.
Мемлекет басшысы
Бас Ассамблеяның Жалпы пікірсайысы барысында баяндама жасайды деп күтілуде.
Сондай-ақ, БҰҰ-ның Мыңжылдық даму мақсаттарын жүзеге асыру жөніндегі саммитке,
2030 жылға дейінгі Орнықты даму мақсаттарын қарауға, сондай-ақ экстремизммен
күрес жөніндегі саммитке қатыспақ. Әрі Бас Ассамблея аясында бірқатар
мемлекеттердің басшыларымен келіссөздер жүргізу жоспарланып отыр.
Ләйлә
ҚАЗИЯҚПАРОВА