$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Мәскеуде Құрбан айт қарсаңында күрделі жөндеуден өткен мешіт ашылады

AstanaTV
23.09.2015ж. 13:00
1241
Мәскеуде Құрбан айт қарсаңында күрделі жөндеуден өткен мешіт ашылады

Құрбан айт мерекесі қарсаңында Мәскеуде он жыл бойы күрделі жөндеуден өткен үлкен мешіт ашылады. Бұл шараға Президент Нұрсұлтан Назарбаев қатысады деп күтілуде. Алла үйінің аумағы 20 есеге жуық ұлғайған. Енді ол Еуропадағы ең ірі мешітке айналады, деп хабарлады ТАСС.

Мешіттің ашылу рәсіміне сондай-ақ Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, Палестина, Шешенстан мен Татарстан елдері басшылары келеді деп жоспарланған. 1904 жылы салынған көне мешіт 111 жыл бойы жамағатқа қызмет етіп келеді. Кеңес Одағы тұсында ол жұмысын жалғастырған жалғыз мешіт болатын. Ғимарат апатты деп танылған соң, 2005 жылы жөндеу жұмыстары басталған. Оған 170 млн доллар жұмсалды. Енді мешітте бір уақытта 10 мың адам намаз оқи алады.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ