$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы 8-9 қазан күндері Жамбыл өңірінде тойланады

AstanaTV
23.09.2015ж. 20:00
2118
Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы 8-9 қазан күндері Жамбыл өңірінде тойланады

Қазақ хандығының 550-жылдық мерейтойы 8-9 қазан күндері Жамбыл өңірінде бар сән-салтанатымен аталып өтетін болады. Бұл жайында бүгін Астанада Жамбыл облысы әкімдігінің өкілдері хабардарлады. Мерекелік шаралар аясында «Ұлы Дала ойындары» деген атаумен ұлттық спорт түрлері бойынша бірқатар жарыстар өткізілмек. Жалпы, мерейтой шеңберіндегі барлық шаралар «Нұр Отан» партиясының қолдауымен жүзеге асырылмақ.

Айта өтейік, бүгінде  бәйге мен өзге де ат жарыстары өткізілетін Талас өңіріндегі ат шаптырым алаңда күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. 2 мың адамға шақталған мінбер де салынып үлгерген. Тараз шаһарында көріктендіру шаралары қолға алынған.

Әбдәлі Нұрәлиев, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары:

Дайындық барысында Тараз қаласының инфрақұрылымдық саласында бірқатар жұмыстар атқарылды. Оның ішінде 46 шақырым жерге күрделі, орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жарықтандыру мәселесіне қатысыты бірқатар жұмыстар атқарылды. Ол үшін 252 миллион теңге бөлініп, толығымен игерілді. Сонымен қатар Тараз қаласында 100 миллион теңге бөлініп, 44 аялдама жаңартылды. 

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА