Елімізде
7,3 млн гектар жер пайдаланылмай, бос жатыр. Бұл туралы Орталық
коммуникациялар қызметінде Ұлттық экономика министрінің орынбасары Қайырбек
Өскенбаев хабарлады. Ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерлердің
ерекшелігі туралы баяндаған вице-министр, шетелдіктерге қазақ топырағынан бір
тілім жер сатылмайтынын, тағы бір мәрте қайталады. Бүгінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің 97,4 млн гектары, яғни 98 пайыздан астамы ұзақ мерзімге
жалға берілген. Вице-министрдің айтуынша, 15-20 жыл ішінде жер сапасы едәуір
төмендеген. Игерілмей жатқан жерлер көлемі бойынша Қарағанды облысы көш бастап
тұр.
Қайырбек
Өскенбаев,
ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:
Оның
ең үлкені Қарағанды облысында 1,8 млн Ақмола облысында 1,1 млн, ШҚО - 984 мың
га, осында пайдаланылмай отырған жерлер шықты.
Жасырмау керек, әр облыста ондай жерлер бар. Пайдаланбаған жер саны көп
болады деп, олар жаман жұмыс істейді деп айтуға болмайды.
Айгүл ӘДЕПБАЙ