$519.51 €611.83 ₽6.6
×

NCOC NB табиғат қорғау шараларымен таныстырды

AstanaTV
25.09.2015ж. 10:00
1219
NCOC NB табиғат қорғау шараларымен таныстырды

Қашаған жобасындағы ірі оператор Норд Каспиан Оперейтинг Компани Атырау жұртшылығын табиғат қорғау шараларымен таныстырды. Бір қызығы экологиялық сауықтыру шараларына қатысушылар қатары тым аз болды. Залда жергілікті билік пен қоғамдық ұйым өкілдерінен өзге сабақтан босатылған студенттерге толы болды. NCOC компаниясы басшылығы келер жылы Атырау мен Маңғыстау облыстарындағы қоршаған ортаны қорғау шараларына 5 млрд теңгеден астам қаржы  құймақ. Бірақ қаржының қандай жобаларға бағытталатыны нақты емес. Сауалдарына жауап алуға асыққан экологтар бірталай мәселені қамтыды. Ол Қашағаннан Қарабатандағы зауытқа дейінгі аралықта  ауа сапасын бақылайтын қондырғылар орнату, сарқынды суды пайдалану, санитарлық аймаққа ағаш отырғызу, мұнай төгілген жағдайда жедел әрекет ету сынды мәселелер. Сондай-ақ экологтар күкірт Теңізшевроил кен орнындағыдай  тау болып үйіліп қалмай ма деп қауіптенеді.

Игорь Лукашов, NCOC NB компаниясының департамент директоры:

Бізде күкіртті орналастыратын орын бар.  Егер нарықта күкірт қабылдап алатындар табылса, түйіршіктейтін  қондырғы  іске қосылды.  Ал егер нарықтан сұраныс түспесе  болашақта  түйіршіктеу  және тасымалдау үшін орналастыратын боламыз.

Әйтсе де экологтардың  табиғат қорғау шараларына  көңілі толған жоқ. Олар  Каспий теңізіне  зиян тигізіп отырған компанияның табиғат қорғау шаралары да ауқымды болуы керек деп есептейді. NCOC компаниясы басшылығының «Яицкий» балық  жүзу каналында тереңдету жұмыстарын жүргізуге берген уәдесінің  жоспарға енгізілмегеніне де мамандар аң-таң.

Бостан Сүлейменов, Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының  бас маманы:

Каспий теңізі биоресурсына  үлкен зиян келтіретін осы компания.  Бекіре және өзге де бағалы  балық түрлерінің  жайылып, семіретін жеріне аралдар салынған. Сондай-ақ итбалықтардың  қыстайтын  жатақтары  да аралға айналды. Бүгінгі шарада айтылған, ауаға шығарылатын зиянды заттарды  азайту,  кей жерлерге  қондырғы орнату, мониторинг жасау деген ұсақ-түйек мәселелер табиғат қорғау шарасына жатпайды.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ