$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Қытай қылмыскерлерден тазартылды

AstanaTV
25.09.2015ж. 10:00
1392
Қытай қылмыскерлерден тазартылды

Қытай полициясы 3 айдың ішінде 20 мың адамды құрықтады. Оның «барлығы елдегі қандай да бір заңға қайшы әрекеттерге қатысы бар» деген күдікке ілінген. ТАСС агентігінің дерегінше, Гонконг, Макао және Гуандун провинцияларының тәртіп сақщылары қылмыскерлермен күресті жүйелі түрде жүргізе бастады. Олар «Найзаның соққысы-2015» атты ортақ операцияны ойластырып, соның аясында мыңдаған адамды қамауға алды. Арнайы баспасөз мәслихатында сұхбат берген Гонконг полициясының өкілі Ау Чин Шаудың айтуынша, үш айдың ішінде 65 мың полиция қызметкері бүкіл ойын-сауық орталықтарын, түнгі клубтар мен күдікті орталарды тінтіп, төрт мыңнан астам адамды ұстаған. «Олар есірткі тасымалдау, жезөкшелікті қолдау, контрабанда және тағы да басқа заңсыз әрекеттерге барды» деген күдікке ілікті. Ал одан басқа 11 мыңнан астам адам Гуандун және 4 мың кұдікті Азияның ойын астанасы - Макао аймағында құрықталыпты. Жергілікті БАҚ өкілдері атап өткендей, полицияның мұндай ірі операциясы Қытай Халық Республикасы құрылуының 66-жылдығына орай ұйымдастырылды.

Абзал ҚҰРМАНКИН