$519.58 €609.36 ₽6.63
×

Еліміздің кейбір аймақтарында жылыту маусымы басталды

AstanaTV
28.09.2015ж. 20:00
1828
Еліміздің кейбір аймақтарында жылыту маусымы басталды

Ертеңнен бастап Елордамызда бірқатар әлеуметтік нысандар жылуымен қамтамассыз етіледі. Бұл жайында біздің арнамызға қалалалық әкімдіктен хабарлады. Еліміздің теріскей  аймақтары да мерзімінен бұрын жылыту маусымын бастап кетті. Бұған күн райының күрт суытуы себеп. Мәселен, Көкшетау мен Петропавл қалалары 25 қыркүйектен бастап толықтай орталық жылу жүйесіне қосылған. Жалпы, жылыту маусымы жоспар бойынша 15-ші қазан күні басталуы керек-тін. Десе де, ауа райының құбылуы жоспарға өзгеріс енгізді, дейді әкімдіктегілер.  Белгілі болғандай Қарағанды, Қостанай, Павлодар қалалары да жылыту маусымын сәл ертерек, 1-ші қазан күні бастайды. 5-ші қазанда Өскемен қаласы да барлық әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерге жылу жібермек. Ал, Ақтөбе, Атырау, Орал, Шымкент, Тараз, Қызылорда қалаларында жылыту маусымы жоспарға сай 15-ші қазананан  басталады. Өйткені Оңтсүтік пен Батыс аймақтарында ауа температурасы +25-30 градус шамасында. Дегенмен, бүгін Семей мен Алматының таулы аймақтарында алғашқы қар түскен. Сондықтан бұл жақтарда да жылыту маусымы  ертерек басталуы ғажап емес.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА