$541.18 €636.05 ₽6.52
×

Батыс қазақстандықтар Құрбан айт мерекесін тойлауда

AstanaTV
25.09.2015ж. 13:00
 Батыс қазақстандықтар Құрбан айт мерекесін тойлауда

Батыс Қазақстан облысының жұртшылығы Құрбан Айт мерекесін кең көлемде атап өтуде. Алла үйіне жиналып, шын ниетімен құрбан шалып, имамдардың уағызын тыңдаған жамағат үй-үйге айттамас бұрын орталық алаңға жиналды. Мұнда қала тұрғындарына арналып, ақ шаңқан киіз үй тігілген. Күміс көмей әншілер әннен шашу шашты. Ал палуандар өзара күш сынасты. Боз кілемде мықтылығын сынаған балуандар мен арқан тартысқан спортшылардың өнерін тұрғындар тапжылмай тамашалады. Тақыр жерде асық атқан мергендер, қол күрестірген алыптар мен тоғызқұмалақ шеберлерінің өнері елеусіз қалмады, өзгелерден оқ бойы озық шыққандарға бағалы сыйлықтар табысталды. Жиыналғандар әдетте Наурыз мейрамында тегін таратылатын көже мен бауырсақтың дәмін осы Құрбан айт мерекесінде де татып көрді. Ал ұйымдастырушылар бұл мерекені тек діни рәсімдермен шектемей, жалпыхалықтық деңгейге көтеру керек дейді.

Кенжегүл Ахметова, Мерекелік шараны ұйымдастырушы:

Биыл біз өзіміздің Айт мейрамын тек қана бір ғана мешіттің алдында шектеп қоймай, жоғары деңгейде өткізіп, мейрамымызды жылма-жыл жоғары деңгейге көтеру мақсатында өткізіп отырмыз.

Еркін КАРИН