Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай жолға шыққан Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелері «Ақ бауыр» бірегей кешенінде болды

AstanaTV
25.09.2015ж. 20:00
807
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай жолға шыққан Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелері «Ақ бауыр» бірегей кешенінде болды

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай жолға шыққан Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері Шығыс Қазақстан облысындағы «Ақ бауыр» бірегей кешенінде болды. Қос таудың ортасында орналасқан кешен аспан асты мұражайына ұқсас. Ғаламның 4 бұрышын көрсетіп тұрған бағыттары да бар.

Бұл жерде құрбандық шалынып, әдет-ғұрыптар мен рәсімдер жасалған деген болжам айтылады. Оған қабырғадағы жануардың қаны мен салынған суреттер дәлел. Соңғы кездері мәдениет зерттеушілері әлемнің түкпір-түкпірінен келіп, «Ақ бауырдың» сырын ашуға әрекеттеніп жатыр. Ғалымдар үңгірдегі суреттердің Ертіс бойындағы қауіпсіз жолды көрсететінін дәлелдеген. Мұз кезеңінде мұндай бағыт-бағдардың маңызы зор болған. Тарихшылар Алтай төңірегінде біздің заманымыздан бұрынғы жазу-сызба ескерткіштерінің барына сенімді.


Мансұр ЕСХОЖИН