Қазақстан келер жылы 77 млн тонна мұнай өндіруді
жоспарлап отыр. Бұл биылғы межеден 2 млн тоннаға аз. Өндірістің төмендеуі
әлемдік нарықтағы ахуалмен байланысты екені түсінкті. Ал қытайлық сарапшылар,
2020-жылға қарай Азияда мұнай мен газ тұтыну көлемі артады деп болжап отыр.
Негізгі экспорттаушылар Ресей, Қазақстан және Түркіменстан болады дейді.
Саладағы қытай-қазақ серіктестігі және өзге де мәселелер бүгін дәстүрлі
Еуразиялық "Kazenerdy" форумында талқыланды. Мөлдір Бақытқызы
тарқатады.
Қытай мен Қазақста энергия көздерін өндіру саласында үш
бағытта қарым қатынасын дамыта түседі. Бірінші, Каспий қайраңын терең зерттеу,
ол «Еуразия» жобасы. Оған СНПС кіріседі. Екінші қатпарлы өңдіріс , яғни
көмірсутекті жер қыртысынан бөліп алу тәсілін жолға қою. Бұл сала АҚШ-тан кейін
Қытайда қатты дамыған. Қазақстанның көмір өндірісінде, жер қыртысынан метан
газы көп көлемде бөлінеді. Көмір шахталарындағы ұңғымаларда жиналатын табиғи
газды ұқсату туралы талайдан бері айтылып келеді. Және біз мұнай өндірісі
көлемін арттыру үшін, көрші елдің ғылыми жетістігін үйреуге құлық танытып
отырмыз.
Бүгін Бақытжан Жұмағұлов басқаратын Ұлттық инженерия акадамиясы тиісті
меморандумға қол қойды. Жалпы Қазақстанның мұнай саласында 50-ден 100 пайызға
дейінгі үлеспен 20 қытайлық компания жұмыс істейді. Ең ірілері: «СПНС»,
«СИНОПЕК», «СиАйТиАйСИ». CNPC - «Ақтобемұнайгаз»-дың - 94,4% акциясынана,
«Манғыстаумұнайгаз»-дың - 50% -на, «Buzachi Operating Ltd»-ның - 50% -на,
«ПетроКазахстан Кұмкөл Ресорсиз»-дің - 67%-на иелік етеді. SINOPEC-ке :
«Сазанқұрақ» ЖШС-нің - 100% акциясы, «Прикаспиан Петролеум Компани»-дің - 100%,
«Сагыз Петролеум Компани»-дің - 100%, «Адай Петролеум Компани»-дің - 50% үлесі
тиесілі. CITIC (Си ай ти Си) жылына 1,9 млн тонна мұна» өндіретін.
«Қаражанбасмұнай» акицонерлік қоғамының 50 пайыз акциясына ие. Осылайша
Қытайдың Қазақстандағы мұнай-газ саласындағы үлесі 24 пайызды құрайды. Бұл
былтырғы СНПС-дің 8,33 пайыз Қашаған үлесін сатып алғанды қосқанда. Форум
аясында өткен баспасөз конференциясы кезінде Вице-министр Ұзақбай Қарабалин
мұнай бағасының бұдан бетер құлдырау сценариі қытайлықтармен арада талқыланды
ма деген сауалға, «Анна Каренина» шығармасынан цитата келтіріп, жауап қатты.
Қалай болғанда да Қарабалин қыталайлардан жұмыс орындарын
сақтап қалуды өтінді. «Қаз МұнайГаз» компаниясы да қысқарту жүргізбейді, деді.
Дегенмен, жыл басынан бері 490 адам жұмыстан босатылған.
Ұзақбай Қарабалин, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:
Так что у нас сегодня порядка 490 сокращены, часть из них
- из-за реорганизации NCOC, а так 0,4 % в данных условиях очень хороший
показатель.
Бүгінгі форумға қатысқан «ПетроЧайн» компаниясының вице
президенті алдағы бес жылда Азияда мұнай мен газ тұтыну көлем артады деп
болжады. Негізгі экспорттаушылар Ресей, Қазақстан және Түркіменстан болады
деген пікір білдірді. Қытайдың өзі мұнай мен газдың 56 пайызын - Таяу шығыс
елдерінен, 27 - пайызын Африкадан, 13,5 пайызын ғана Азия елдерінен
импорттайды. Біздің Үкімет 2020 жылы 92 млн тонна мұнай өндіруді көздейді. Ол
атышулы Қашағанның қара алтынын қосып есептегендегі көрсеткіш. Күрделі жөндеу
жүріп жатқан өндіріс ошағы 2016 жылы желтоқсанда қайта іске қосылады деп
күтіледі.
Ұзақбай Қарабалин, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:
«Для того, чтобы знать, какая себестоимость Кашагана, надо
сначала добыть эту нефть. Оценка зависит от того, какие условия будут к тому
времени и зависит от возврата инвестиции. Такие крупные проекты как Кашаган,
который рассчитывается на 40 лет только контрактного периода, и еще на такие же
периоды... Такого уровня проекты никогда не жили в периоды стабильной цены. За
эти 40 лет происходят многократные изменения цен - то вверх, то вниз. Поэтому
сегодня ответить на вопрос, будет ли развиваться Кашаган, могу сказать, что он
будет развиваться.
Ал биыл Қазақстан 79,5 млн тонна қара алтын өндіруді жоспарлап
отыр. Келесі жылы 77 млн тонна. Әлемдік нарықтағы сұраныстың төмендеуі осындай
кему сценариін құруға мәжбүрлеп отырғанға ұқсайды.
Мөлдір
Дүйсекина