Бүгін БАҚ өкілдері Ұлттық банк
төрағасы қызметінен кетеді деген ақпарат таратты. Бірақ банктің баспасөз
қызметі оны жоққа шығарды. Олардың таратқан мәліметке сүйенсек, Қайрат
Келімбетов Астанада өтіп жатқан үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі
кеңеске қатысып жатыр.
Еске салайық, Қайрат Келімбетов
осыдан тура екі жыл бұрын Ұлттық банк төрағасы болып тағайындалған болатын. Ол
келген 2014 жылдың ақпанында доллар бағамы 150 теңгеден 180 теңгеге дейін
көтерілді. Ал биыл тамыз айында ел үкіметі бас қаржылық құрылыммен бірлесіп,
АҚШ валютасын еркінге айналымға жіберді. Осының әсерінен қазіргі доллардың
бағамы 270 теңге шамасында.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ