$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Өтемақыны төлеу бойынша арыздар қабылдау мерзімі 2 айға ұзартылды

AstanaTV
30.09.2015ж. 20:00
1335
Өтемақыны төлеу бойынша арыздар қабылдау мерзімі 2 айға ұзартылды

Теңгенің құнсыздануына орай салымшыларға төленетін өтемақыға өтініш қабылдау уақыты ұзартылды. Бұл жайында Ұлттық банктің ресми сайтында жария болды. Енді салымшылар екінші деңгейлі банктерге өтініштерін 1 желтоқсанға дейін өткізе алады. Мұндай шешім өз салымшыларын сақтап қалуды көздеген банктер тарапынан жасалған болатын. 


Еске сала кетейік, теңгенің еркін айналымға өтуіне орай Ұлттық банк жуырда теңгемен ашылған депозиті бар 2 миллион салымшыға бағамдық айырма төлейтінін жариялаған болатын. Өтемақыны алу үшін басты талап -салымшының депозиті теңгемен салынған және жинақталған қаражат көлемі 1 миллион теңгеден аспауы тиіс.

Айгүл ЕРМАХАН