Қоғамдық
кеңестердің қортындылары мен ұсыныстарына құлақ түрмеген құзырлы орган басшылығына
қатысты шара қолданылуы мүмкін. Бүгін Парламенттің "Нұр Отан"
фракциясы өкілдері мен Қазақстан халқы ассамблеясының депутаттық тобы қоғамдық
кеңестердің жұмысын жетілдіру жолдарын талқылады. Партияның орталық аппаратында
өткен жиынға бейнебайланыс арқылы өңірлердегі кеңестердің мүшелері де қатысып,
өз ұсыныстарын айтты.
Елімізде қоғамдық кеңестер институты жұмысқа кіріскелі
алты ай болды. Осы аралықта оның кей ішкі тәртіптерін жетілдіру қажеттігі
туындаған. Марат Әзілханов кеңестердің өздерін беделді, жұмысын нәтижелі ету
үшін олардың қорытынды кеңестерін заңдық негізде бекітуді ұсынды.
Марат
Әзілханов, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі:
Біз
бұл мәселенің келесі шешім жолын ұсынамыз. Әрбір мемлекеттік орган жанында
мемлекеттік қызметкер әдебі бойынша комиссиялар бар. Қоғамдық кеңес төрағалары
осы комиссияға тиісті өтініштерімен жүгіне алады. Олар нақты лауазым иесінің
неліктен шара қолданбағанын қарастырсын. Ешқандай жаңа тәсіл ойлап табудың
қажеті жоқ. Мемлекеттік қызмет істері министрлігі осы мәселені ойластырса.
Сондай-ақ
қоғамдық кеңестер жұмысының ұйымдастырылуына жергілікті мәслихат, әкімдіктер және құзырлы министрліктер бюджетінде жеке қаражат қарастыру туралы ұсыныс
айтылды. Мұны Қаржы министрлігі ойластыруы тиіс.
Бүгінгі таңда республика бойынша
225 қоғамдық кеңес бар. Оның 12-сі республикалық, 16-сы облыстар және Астана,
Алматы қалаларында. Аудандарда 197 кеңес бар. «100 қадам - ұлт жоспарын» іске
асыру шеңберінде құрылған кеңестерде 4 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылып
отыр.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ