$519.58 €609.36 ₽6.63
×

АҚШ Сирия туралы ұстанымын өзгертті

AstanaTV
30.09.2015ж. 20:00
1614
АҚШ Сирия туралы ұстанымын өзгертті

Сирия мәселесінде сең қозғалды. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының сессиясынан соң Ақ үй Сирияға қатысты ұстанымын өзгертті. Мемлекеттік хатшы Джон Керри келіссөздерден кейін Башар Асадтың шұғыл отставкаға кетуін талап етпейтіндерін жеткізді. Енді АҚШ Сирия билігінің біртіндеп ауысуын қалап отыр. Мұны Кремль не Ақ үй де ресми мәлімдеген жоқ. Ақпаратты СNN арнасы Джон Керриге сілтеме жасап хабарлады.

Айта өтейік, бүгін БҰҰ-ның 70-ші Ассамблея сессиясы аясында Ресей сыртқы істер министрі мен АҚШ мемлекеттік хатшысы тағы кездеседі. Бұл Сергей Лавров пен Джон Керри арасындағы үшінші жүздесу болмақ. Дегенмен, Чехия президенті екі тарап Сирия қақтығысына қатысты бітімге келуге дайын екенін растаған. Бұл құжатқа жақында Прагада өтетін келіссөздер кезінде қол қойылуы мүмкін екенін айтты. Бірақ соғысты тоқтату туралы сөз қозғалып отырған жоқ. Қақтығыстары әлі жалғасып жатыр. Бүгін РИА новости ақпарат агенттігі Сирия басшысы Башар Асад Ресейден әскери қолдау сұрағанын хабарлады. Кремль әкімшілігінің басшысы Сергей Ивановтың айтуынша, Мәскеу одан бас тартпайды. 

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА