Қазақстан
жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде 42-ші орынға шықты. Осылайша, өткен
жылмен салыстырғанда, 8 позицияға көтеріліп отыр. Бұл Дүниежүзілік экономикалық
форумның 2015-2016 жылдарға жасаған рейтингі. Айта кету керек, аталмыш
көрсеткішпен Қазақстан ТМД елдері бойынша екінші позицияға жайғасты. Тек
Әзірбайжан алдымызды орап, тізімнің 40 орынына шыққан. Ресей 45-ші сатыда.
Бастапқы бестікте Сингапур, АҚШ, Германия және Нидерланды елдері тұр.
Жалпы
рейтинг 140 елдің 114 параметіріне сай шығарылады. Оның 34-і статистикалық
деректер, ал қалғандары орта және ірі кәсіпорындар басшыларының бағасы
негізінде жасалады. Әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігін егжей-тегжейлі
сипаттайтын негізгі 12 факторлардың
арасында, елімізде тек еңбек нарығының тиімділігі 3 сатыға төмендеген. Қалған көрсеткіштер
бойынша, өткен жылмен салыстырғанда, біршама ілгерілеушілік байқалады.
Бақытгүл
Қамбар, стратегиялық жобалар жəне экономикалық зерттеулер орталығының директоры:
Бұл
біздің атқарып жатқан шараларымыздың, мемлекеттегі үкіметтің көп жылдар бойғы
атқарып келе жатқан шараларының негізгі нәтижесін көрсететін үлкен барометр, деп
айтуға болады. Тәуелсіз статистикалық мәліметтер қолданылатын болғандықтан, мұндағы нәтиженің де тәуелсіз баға екеніне
сенуге болады.
2015-2016
Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіндегі Қазақстанның орындары:
Жаһандық
бәсекеге қабілеттілік индексі 42 50▲8 Институттар 50 57▲7 Инфрақұрылым 58 62▲4
Макроэкономикалық орта 25 27 ▲ 2 Денсаулық сақтау және бастауыш білім 93 96▲3 Жоғары
білім және кәсіби даярлық 60 62 ▲2 Тауарлар нарығының тиімділігі 49 54 ▲5 Еңбек
нарығының тиімділігі 18 15 ▼3 Қаржы нарығының дамуы 91 98 ▲ 7 Технологиялық
даярлық 61 61 -Нарық көлемі 46 52 ▲6 Компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі 79 91 ▲12
Инновация 72 85 ▲ 13