$519.58 €609.36 ₽6.63
×

Меккеде қажылық кезінде көз жұмған отандасымыздың мәйіті сол жақта жерленеді

AstanaTV
30.09.2015ж. 20:00
1557
Меккеде қажылық кезінде көз жұмған отандасымыздың мәйіті сол жақта жерленеді

Меккеге қажылық парызын өтеуге кеткен тағы бір отандасымыз қайтыс болды. Астанадағы жоғарғы оқу орнында жұмыс істеген ер адамның жүрек талмасынан көз жұмғаны белгілі болды. Бұл осымен екінші жағдай.

Бұған дейін Меккедегі ауруханалардың бірінде қажылық жасауға барған 78 жастағы Қазақстан азаматшасы да жүрек талмасынан қайтыс болған еді. Талапқа сай, марқұмдар Меккеде жерленетін болады. Бұл оқиғалардан кейін қажылыққа баратын қарт кісілердің қасында туысы болуы қажеттігі жайлы талапқа қатысты мамандар түсінік берді. 

Алтынбек Ұтысхан, ҚМДБ бөлім меңгерушісі:

Әрбір жүріп-тұруын, ішіп-жемін қадағалап отыратын адамның болғаны дұрыс, деген әңгіме айтылуда. Алайда, кейбір кісілердің туысы болмайды, енді бір кісілер «сол жақта қалсам да, қуаныштымын» деп, өз ықтиярымен барғысы келіп жатады, сол себепті ондай жағдайда біз қарсылық білдіре алмаймыз. 

Базаргүл ОТЫНШИЕВА