$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Алматыда «Аққу елім Қазақстан» альбомының тұсауы кесілді

AstanaTV
30.09.2015ж. 20:00
4871
Алматыда «Аққу елім Қазақстан» альбомының тұсауы кесілді

Сазгер Ерұлан Қанапиянов Қазақ хандығының 550 жылдығына тарту жасады. Бүгін тұсауы кесілген байтақ қазақ елі жайлы сыр шертетін «Аққу елім Қазақстан» музыкалық альбомы - соның айғағы. Автор жинаққа енген әндерді өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелейтініне сенеді.

Мың данамен шыққан үн таспаға 10 ән жазылған. Автордың туындыларын елге белгілі әншілері Әлібек Дінішов, Роза Рымбаева және Нағима Есқалиевалар орындайды. Жаңа альбомдағы әндер Кәкімбек Салықов пен Шөмішбай Сариевтің өлеңдеріне жазылыпты.

Қазақстан композиторлар одағының мүшесі Ерұлан Мұсаханұлы бұған дейін Арал экологиясы тақырыбына арналған «Тақыр» рок-опера балетін құрған еді. Ал 2001 жылы «Река времен» деп аталатын авторлық музыкалық альбомын жарыққа шығарған. Онда эстрадалық оркестрде ойналатын 9 музыкалық пьесасынан бөлек, «Арсенал» ансамблі орындайтын шығармалары енген. Көрнекті композитор Ерұлан Қанапиянов - 43 вокалдық, 11 оркестрлық және 4 романстың авторы.

Самат ҚАНАҒАТОВ