Мұнай
өндірісінің жаңа дәуірі басталады. «Kazenergy»
форумында ұлттық энегетика жөніндегі баяндаманы таныстырған IHS компаниясы
төрағасының орынбасары Дэниал Ергин осылай деді. Сан емес,
сапаны арттыратын кез жетті. Сұраныстың төмендеуі осыған әкеледі. «Жаңа
технологияға
бетбұрыс қажет»,
- дейді
Пулицер жүлдесінің лауреаты.
Қазір
әлемде күніне 1 млн 800 мың баррель мұнай нарыққа шығарылады. Бұл қарқын келесі жылы
екі есеге өсуі мүмкін. Өйткені санкциядан босатылатын Иран бір айдан соң күніне
1 млн баррель қара алтын шығаратынын мәлімдеген. Жалпы ОПЕК елдері өндіріс
көлемін төмендеткісі жоқ. Ең ірі импортер Қытай
экономикасының қарқыны да мәз емес. «Сондықтан
мұнайдан көл көсір
кіріс кіретін күн әлі алыс», - деп болжайды
сарапшылар.
Джим
Николсон, ARGUS MEDIA LTD вице-президенті:
Иран - өндіріс көлемін
арттыратын ОПЕК-ке мүше жалғыз ел емес. Ирак та қазір рекордты түрде күніне 4
млн баррель өндіріп жатыр. Маусым айынан бері осындай қуатқа көшкен. ОПЕК-тің
бір күндік көрсеткіші бұрын болмаған 32 млн баррельге
жетті. Оны төмендетуді ойлап отырған жоқ.
Мөлдір
БАҚЫТҚЫЗЫ