$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Б.Смағұл: Қазақстан Құндызға әскер жібермейді

AstanaTV
02.10.2015ж. 20:00
1598
Б.Смағұл: Қазақстан Құндызға әскер жібермейді

Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы аясында Ауғанстанға әскер жібермейді. Құндыз провинциясындағы қақтығысқа байланысты пікір білдірген Ауған соғысы ардагерлері қауымдастығының жетекшісі Бақытбек Смағұл осылай деді. Дегенмен депутат ресми Кабул өтініш білдірсе, бітімгерлік мақсатта белгілі бір топ аттануы  мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Ұжымдық қаупісіздік шарт ұйымындағылар Құндыздағы қырғын тұтас аймаққа қауіп төндіріп тұрғанын айтады. Ұйымның бас хатшысы Николай Бордюжа шекарада ши шықса, тәліптерге тойтарыс беруге әзір екендерін мәлімдеді. Бұл туралы «Интерфакс» хабарлайды.

Үш жүз мың тұрғыны бар елдің солтүстігіндегі Құндыз провинциясын осы дүйсенбіде тәлібтер басып алды. Іле- шала Ауғанстанның Қорғаныс минстрлігі Құндызды азат ету операциясын бастап кетті. Ал сәрсенбі күні тәлібтер Тәжікстан шекарасына жақын жердегі әскери базаны басып алды. Бұл жағдай Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымындағыларды бей-жай қалдырған жоқ.

Николай Бордюжа, ҰҚШҰ бас хатшысы:

«Әлбетте, ҰҚШҰ-на мүше елдер маңында қауіпті жағдайдың орын алуы бізді алаңдатып отыр. Тәжікістан шекарасынан небәрі 70 шақырм жерде қантөгіс болып жатыр. Бұл оқиға тұтас аймаққа қауіп төндіріп тұр. ҰҚШҰ-ның қажет болған жағдайда шекараны қорғауға, тұрақсыздықтың жолын кесуге әлеуеті жеткілікті».

Осы мәлімдемеге байланысты ұйымның Мәскеудегі штаб-пәтеріне хабарласып көрдік. Бас хатшының өзі болмаған соң, ондағылар жарытып жауап берген жоқ.

ҰҚШҚ штаб-пәтері Мәскеу қ.:

Сейчас это сложно сделать, потому что сейчас идут учения в Армении. И там и генеральный секретарь, и его пресс-секретарь там находятся. 

Бүгінде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына 6 мемлекет мүше. Олар Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Армения және Тәжікістан. Ұйым аясында Қазақстан тарапынан әскери операцияларға 37-десанттық-шабуылдаушы аэромобильді әскери бригадасы және теңіз жаяу әскері батальоны қатысады.

Естеріңізде болса, қыркүйек айының басында аталған әскери бөлімдер ауқымды оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізген. Дабыл қағылып, 10 мыңға жуық сарбаз аяғына тік тұрған-ды. Ауған ардагерлері қауымдастығының басшысы Бақытбек Смағұл, Қазақстан Ауғанстанға тікелей әскер жіремейді, бұл халықаралық талапқа қайшы, дейді.

Бахытбек Смағұл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Мүшелікке Ауғанстан кірмейді. Сондықатан халықаралық шарттар бойынша елдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне мүше мемелекеттер тек өз мемлекттердің бағытында ғана жұмыс жасайды. Екінші бір мәселе - президенттің бұйрығы бойныша бітімгершлік жағына бара алады.

Осы аралықта Ауғанстанның ІІМ Құндыздың біраз аудандарын НАТО әскері көмегімен азат еткендерін хабарлады. Қақтығыстар әлі жүріп жатыр. Соңғы деректерге сай, бір апта ішінде 43 адам қаза болып, 337-і жараланған. Сондай-ақ, бүгін тәлібтер АҚШ әскери әуе күштеріне қарасты ұшақ апатын өз мойындарына алды. Борттағы 11 әскери сарапшы қаза тапты.  
 
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ