$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Қазақстанның Сириядағы бұрынғы консулы СІМ соттасуда

AstanaTV
02.10.2015ж. 20:00
1007
Қазақстанның Сириядағы бұрынғы консулы СІМ соттасуда

Астанада дипломаттар соттасып жатыр. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігін сотқа берген Сириядағы бұрынғы консул Бабур Дәуренбектің арызы бойынша бүгін сот отырысы өтті. Бабур Дәуренбек өзінің жұмыстан заңсыз қуылғандығын дәлелдеп, қызметке қайтарылуын талап етіп отыр.

Экс-дипломат Сирияда консулдық қызметте жүріп, еліміздің сыртқы ведомствосының бұйрығын орындамағандықтан, жұмысынан шеттетілген. Министрлік өкілдерің айтуынша, сондай-ақ ол бірқатар ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде елдің Сыртқы істер министрлігі атына кір келетін сұхбат берген. Әлеуметтік желідегі өз парақшасында экс-консул министрліктің кейбір өкілдерін балағаттауға дейін барған. Бүгінгі сот отырысына өзі қатысқан жоқ. Оның сәлемдемесін қос бірдей өкілі жеткізді. Ал министрлік өкілдері Дәуренбектің жұмыстан заң шеңберінде шығарылғандығын айтып отыр. 

Ербол Дәулетияр, ҚР СІМ Әкімшілік және бақылау департаменті заңдық сараптама бөлімінің бірінші хатшысы: 

Бабур Дәуренбектің шет елдегі елшілік мекеме басшысының бұйрығын орындамауынан консул мен елші арасында түсініспеушілік туындаған. Сотқа шағымданушы өзіне міндеттелген жұмыс жоспары құжатын қажетсіз жоспар деп, басшылыққа оны ұсынудан бас тартқан.