«Тұрғын
үй құрылыс жинақ банкі» жаңа акционер тартуға қатысты біржақты шешімге келген
жоқ. Бұл жайында бүгін Алматыда өткен баспасөз маслихатында белгілі болды. Жыл
соңына дейін үкімет пен «Бәйтерек» холдингімен біріге отырып, банк акциялар
пакетінің бір бөлігін жекешелендірудің оңтайлы талаптарын анықтайтын жоспар
дайындамақ. Инвестор табылған жағдайдың өзінде мемлекет банк құрылтайшыларының
құрамында қалып, салымшыларға жыл сайын 20 пайыз сыйақы төлей бермек.
Айбатыр
Жұмағұлов, «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасы:
Жекешелендіруге
қатысатын инвестор бірінші реттен тәжірбиелі болу керек болады. Себебі бұл жалпы тұрғын үй жүйесін толығымен түсіну
керек болады. Екіншіден, қомақты инвестиция салу мүмкіндігі болу керек.
Үшіншіден, жаңа айтып өткендей, әлеуметтік мәселелерді мойнына алу керек.
Әрине, бүгінгі күнде бұл мәселелердің бәрі тұжырымдалып, осы жақын арада негізгі
шарттар ретінде инвесторларға берілетін болады.
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» өз салымшыларына,
депозитке салған қаражатының көлеміне қарамастан, өтемақы төлейтін болды. Еске
салайық өзге екінші деңгейлі банктер бір миллионнан аспайтын қаражаты бар
салымшыларға ғана өтемақыны беретіндерін айтқан болатын. «Тұрғын үй құрылыс
жинақ банкі» шамамен 500 мың депозитке 61 миллиард теңге бөлген. Қалған қаражат
бір жылдан кейін келісімшарттар қайта рәсімделген соң есептелмек.