$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Қарағандыда үздік ұстаздар марапатталды

AstanaTV
02.10.2015ж. 20:00
2521
Қарағандыда үздік ұстаздар марапатталды

Қарағандыда биылғы жылдың ең үздік ұстаздары анықталды. Аймақтың білім беру саласының майталман қызметкерлері бүгін облыс әкімінің арнайы сыйлығымен марапатталды. Осымен оныншы рет өткізіліп отырған оқытушылар байқауына 177 мұғалім қатысқан. Мамандар 10-нан астам аталым бойынша бақ сынаған.

Бүгін олардың арасынан 14 жеңімпазға 200 мың теңге көлемінде арнайы сыйлық табысталды. Қазылар алқасы үздіктерді, ұстаздардың еңбек өтілі мен ғылыми жобаларының маңызы, берген білім сапасына қарап, таңдапты.

Осылайша облыстың жыл ұстазы да анықталды. Ол жасы 70-ті алқымдаған Қабдырахман Әбікенов. Зейнеттегі ұстаз 60 жыл бойы Саран қалалық педагогикалық училищесінде шәкірт тәрбиелеген. Осы уақыт аралығында қарт тәлімгер 10 мың студентті ұстаздыққа баулыған. Білім беру саласының дамуына қосқан үлесі үшін зейнеткерге Қарағанды облысы әкімінің 1 млн теңге арнайы сыйлығы берілді. 

Қабдырахмен Әбікенов, Қарағанды облысы әкімінің арнайы сыйлығының жеңімпазы: 

Бұл менің ұзақ еңбегімнің табысы. Отанға, елге дұрыс қызмет еткеннің жемісі. Қазір оқу саласына көп жағдай жасалып келеді, кабинеттер жөнделді, мұғалімдердің ақшасы көбейді. Бұл - мектептегі ұстаздар үшін үлкен қуаныш. 


Айжан ҚУАШ