«Астана»
велокомандасының спортшысы Алексей Луценко «Алматы» велотурының екі дүркін
жеңімпазы атанды. Өткен жылы да топ жарған отандасымыз биыл дұрыс тактика
таңдап, қарсыластарының алдын орап кетті. 4 сағатқа созылған тартысты бәсекенің
куәсі болған Самат Қанағатов жалғастырады.
Халықаралық велоспорт
федерациясының ресми кестесіне кірген «Алматы» туры үшінші жыл қатарынан өтіп
отыр. Биылғы жарысқа 15 құрлықтық команда, Қазақстан, Өзбекстан және Моңғолия
ұлттық құрамаларымен бірге, «Астана» мен «Катюша» сынды кәсіби ұжымдардың
спортшылары қатысты. Бас-аяғы 17 мемлекеттен жиналған командалар 186 шақырымнан
тұратын жарыс жолында бақ сынады.
Александр Винокуров, «ASTANA
PRO TEAM» кәсіби клубының бас менеджері (07.54.05):
Велоспорт қарқынды дамып жатыр. Федерация
тарапынан қыруар жұмыс атқарылуда. Қазір тректе жарыс өткізуге өтішін
білдірдік. Осы арқылы жастарға мүмкіндік
береміз. Велоспорт олимпиадалық спорт түрі болғандықтан,
аянбай еңбек етуіміз керек.
Жарыс басынан суырылып алға шыққан «Астана» клубының спортшылары жалпы топтан қара үзіп кетті. Межелі жерге 23 шақырым қалғанда,
командалық тактиканы іске асырған Алексей Луценко жеке дара көш бастады.
Командаласын қолдаған Фабио Ару бастаған топ басқа ұжым спортшыларының еркін
қимылдауына мүмкіндік бермеді. Нәтижесінде қуғыншылардан 50 секундқа ұзап
кеткен Луценко мәре сызығын жеке дара кесіп, «Алматы» турының екі дүркін
жеңімпазы атанды.
Алексей
Луценко, велоспорттан
«Алматы турының» екі дүркін жеңімпазы (08.33.45):
Бұл жеңісімді жақындарыма және «Астана» командасына арнаймын. Мен осы ұжымда кәсіби спортшы ретінде қалыптастым. Сондықтан
жеңіс барлығымызға ортақ. Алайда бұл жарыстың мен үшін ауыр болғанын да айта
кетейін.
«Алматы турының» күміс жүлдесін италиялық Фабио Ару иеленді. «Астана» клубының
сапында «Вуэльта» марафонын ұтып алған спортшымыз межелі жерге санаулы метрлер
қалғанда,
Ресейдің «Катюша»
командасының өкілі Павел Кочетковтың алдын орап кетті.
Самат
ҚАНАҒАТОВ