Қазақстанда
жұмысын жүргізіп отырған шетелдік компаниялар ендігі жерде көк байрағымызды
іліп қоюға міндеттеледі. Бұл туралы Сенат комитетінің кеңейтілген отырысында
«Мемлекеттік рәміздер туралы» заң жобасын таныстырған Мәдениет
және спорт вице-министрі мәлімдеді.
Марат Әзілхановтың айтуынша, көптеген
шетелдік компаниялар ғимараттарының маңдайшасына өз туларын желбіретіп қойып,
біздің Туымызға немқұрайлы қарап келеді. Заң жобасы мақұлданатын болса,
шетелдіктер өз туларымен қатар, біздің де көк байрақты қатар тігуге
міндеттеледі. Заң жобасы Сенаттың алдағы отырысына шығарылмақ. Туымыздың
мәртебесіне қатысты мәселе де сол жерде шешілмек.
Марат
Әзілханов, ҚР
Мәдениет және спорт вице-министрі:
Бұл норма біздің Мемлекеттік
Туды басқа елдердің туларынан кемітпеу үшін, қатар қолдану үшін бағытталған. Ал
дипломатиялық, консулдық мекемелерді халықаралық ұйымдарды немесе олардың
өкілдіктерін қоспағанда, осындай тулар бір мезгілде көтеріледі деген сөз.
Айгүл ӘДЕПБАЙ