Ұлттық
қауіпсіздік комитеті Ақтөбе облыстық департаментінің өкілдері осы мекеме
қызметкерінің қазасына қатысты жаңа деректермен бөлісті. Тергеу мәліметі
бойынша, 38 жастағы азамат жұмыс орнында травматикалық қаруды байқаусызда атып
алған көрінеді. Оқыс оқиға қазанның 3-і
күні болған еді. Айта кетейік, марқұмның артында әйелі мен екі баласы қалды.
Виталий
Беспалько,
ҚР ҰҚК Ақтөбе облыстық департаментінің өкілі:
Қару
абайсызда атылып кеткендіктен, ол басынан ауыр
жарақат алып, қаза тапқан. Бүгінде Ішкі істер
органдары сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Ұлттық қауіпсіздік комитеті
де істің ақ-қарасын анықтауға кірісті.
Мансұр
ЕСХОЖИН