«Ирак және Левант» террористік тобының мүшелері Молдовадан радиоактивті уран сатып алмақ
болған. Цезийді олар бомба әзірлеуге қолдануды көздеген сыңайлы. Жергілікті
полицейлер мен АҚШ федералды тергеу бюросы бұл әрекеттің алдын алды.
«Associated Press» агенттігінің мәліметінше, шикізат Ресейден тасымалданған
болуы мүмкін. Бұл «жиһадшылардың» радиоактивті қару жасауды жоспарлап отырғанын
дәлелдейді. Тергеушілердің сөзінше, террористердің мұндай әрекеті жиі болып
тұрады. Мәселен, 2011 жылы Судан еліне
10 келі уран сатпақ болғандар ұсталған. Полицейлер соңғы үш-төрт жылда
террористерге ядролық материал сатуға қатысты төрт оқиғаның алдын алды.
Жұрағат
БАМАН