$520.93 €609.07 ₽6.68
×

ЭКСКЛЮЗИВ: Қостанай өнімі Ресей нарығындағы сапасыз тауарлар тізіміне ілікті

AstanaTV
07.10.2015ж. 20:00
1280
ЭКСКЛЮЗИВ: Қостанай өнімі Ресей нарығындағы сапасыз тауарлар тізіміне ілікті

Қостанайдағы ірі сүт зауыттарының бірі Ресейдің Челябі облыстық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасын сотқа бермек. Бұл жайында біздің арнамызға кәсіпорын басшысы хабарлады.

Оған аталған мекеменің ресми сайтында жарияланған ақпарат себеп болған. Челябі облысының тұтынушылар құқығын қорғау федералды қызметі басқармасы 5 қазан күні «жалған өнім» жасаушылардың тізімін жариялапты. Неге екені белгісіз, сол тізімге Ресей кәсіпорындарымен қатар, Қостанайдағы «ДЕП» серіктестігі де ілігіп кеткен. Ондағы деректерге сай, қазақстандық кәсіпорын  «сүт өнімдерін шығару үшін өсімдік майы мен өзге де шикізаттар пайдаланған-мыс». Алайда, Қостанайдағы кәсіпорынның басшысы олардың жариялаған ақпаратын жалған деп отыр.

Евгений Дружинин, Қостанай қаласы «ДЕП» ЖШС басшысы:

2014 жылы олар келіп, біздің өнімдерден сынама алып кетті. Тексеріс нәтижесі ойдағыдай болған. Ал биыл бізден ешқандай сынама алған жоқ. Қазір сотқа талап-арыз түсіру жағын ойластырып жатырмыз. Меніңше, көрші мемлекеттің федералдық қызметі біздің жолымызды кесіп, кедергі келтіргісі келетін сыңайлы. Бұлай етуге заңмен тыйым салынған емес пе?

Заңғар САНАЙ