$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Энергетика вице-министрі: Қазақстан 2020 жылға қарай 92 млн тонна мұнай өндіре алады

AstanaTV
07.10.2015ж. 20:00
934
Энергетика вице-министрі: Қазақстан 2020 жылға қарай 92 млн тонна мұнай өндіре алады

Қазақстанда мұнай өндірісі, былтырғы жылмен салыстырғанда, бір жарым миллион тоннаға төмендеп, 79,5 миллион тонна төңірегінде тұрақтады. Бұл жайында Алматыда өтіп жатқан KIOGE - 2015 халықаралық мұнай және газ көрмесінде энергетика вице-министрі мәлімдеді. Сондай-ақ ол, 2017 жылдан бастап елде жанар-жағармай тапшылығы жойылады, деді. Себебі келесі жылдың соңында үш мұнай өңдеу зауытында қайта жаңғырту жұмыстары толығымен аяқталмақ.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Энергетика вице-министрі:

Экспорттық кірістер азайып жатыр. Сондықтан мұнай-газ компаниялары өздерінің капиталдық шығындарын қысқартып жатыр. 2016 жылдың болжамы бойынша, бізде өндірілетін мұнай көлемі 77 млн, 2017 жылдан бастап мұнай көлемі өседі. 2020 жылға қарай, біздің болжам бойынша, 92 млн тонна мұнай алынады.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ