$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Теңге бағамы Келімбетовтің көңілінен шығады

AstanaTV
07.10.2015ж. 20:00
1343
Теңге бағамы Келімбетовтің көңілінен шығады

Теңге тағы құлдырап барады. «Көк қағаз» күн сайын құнын бір теңге, жарым теңгеге көтеріп, соңғы екі үш тәулікте позициясын нығайтқан үстіне нығайтып алды. Бір қызығы - бүгін таңертең биржада бекіген бағам бас банкирдің көңілінен шығады екен. Мәжіліске келген Келімбетов журналистерге осылай деп мәлімдеді. Мөлдір Бақыт-қызы тарқатады.
 

1 доллар - 273 теңге. Бұл бағамға Келімбетов дән риза секілді. Мәжіліске заң жобасын арқалай келген бас банкир ойын бүкпей айтты. Әдетінше, сыртқы факторларды: мұнай, рубль бағамы мен Қытай экономикасының ақсап тұрғанын алға тартқан ол, 1 доллардың  273 теңге тұруы қазіргі жағдайымызға әбден лайық, дейді.

Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

Сегодня с утра, по-моему, установился курс 273 тенге, на наш взгляд, вполне адекватно тем внешним факторам, на которые ориентируется наша валюта фундаментально.

Ал интервенция әзірге жалғаса береді. Теңге еркін айналымға жіберілгенге дейін күніне алтын валюта қорынан 400-500 млн, тіпті 1 млрд долларға дейін сатылатын. «Қазір күніне 20-40 млн доллар ғана саудаға шығады», - дейді Келімбетов. Теңгенің тізгінін босатып, қайта тарта қойған Ұлттық банктің әрекетін төраға осылай түсіндіруге тырысты.  

Келімбетов өзі жайында қаптаған «келемеж суреттерді» көріп тұрады екен. Бір жыл ішінде теңге долларға қатысты екі рет құнсызданды. Есесіне, Бас банкир әлеуметтік желілердің «жұлдызына» айналып шыға келді. 

Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

Я смотрю все. Дети присылают мне все. Если фотографии хорошие, то не обижаюсь.

Бұл уақытта залдағылардың күлуге мұршасы келмей жатты. Білім беру мәселелері бойынша өзгертулер енгізілген заң жобасын екінші оқылымда қабылдау тағы да кішігірім дау туғызды. Ақжолдықтар бірінен соң бірі министрлікті мінеп, оқулықта жүрген Қамбар батыр жырындағы «сорақылықты»еске салды. Жоғары оқу орындарындағы жемқорлықты жасырмады. Осы кезде көп ішінен Рауан Шаекиннің қатқыл үні шықты. 


Не принятых поправок у нас нет. Поэтому предлагаю его принять и отправить в Сенат.

Спикер екінші оқылымда мұндай талқылау қаншалықты регламентке сай деп, заңгер көмегіне де жүгінуге мәжбүр болды. Пікір айту құқына әрең жеткен ақжолдықтар ақыр соңында заң жобасын қолдайтындарын айтты. Перуашев әріптесінің әрекетіне де баға бере кетті.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» фракциясының жетекшісі:

Я думаю, что заготовка у наших коллег. Они поддерживают министра, не хотят ссориться. Ну, это понятно.

Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі:

В нашу госкомиссию по учебникам входит представитель партии «Ак жол». Он за это получает гонарар. Поэтому ответственность  тоже с нами должен разделять.

Мөлдір Бақыт-қызы:

Осылай дауласып жүріп-ақ Мәжіліс 1,5 айда 55 заң жобасын қабылдап тастаған. Спикердің сөзінше, бұл 20 жылда болмаған құбылыс. Күніне 30-ға тарта отырыс өткізетін халық қалаулылары сенбі-жексенбі күндері де жұмысқа шығады екен. Сөйтіп, Президенттің «100 қадам» бағдарламасына қатысты барлық заң жобаларын қабылдап шыққан. Депутаттар тарапынан 11 мыңдай түзету енгізілген.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ