$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Келесі жылдан бастап ауыл шаруашылығы саласына берілетін кейбір субсидиялар жойылады - АШМ

AstanaTV
07.10.2015ж. 20:00
1116
Келесі жылдан бастап ауыл шаруашылығы саласына берілетін кейбір субсидиялар жойылады - АШМ

Келесі жылдан бастап ауыл шаруашылығына арналған кейбір субсидиялар жойылады. Бұл туралы сала министрі Асылжан Мамытбеков мəлімдеді. Яғни егін шаруашылығындағы əр гектар үшін берілетін субсидиялар мүлде алынып тасталады. Ол қаржы инвестициялық және ғылыми бағыттағы субсидияларға бағытталмақшы.

Мемлекеттік қолдау шаралары тиімсіз болғандықтан, министрлік осы қадамға баруға мəжбүр. Соңғы бес жылда ауыл шаруашылығы саласындағы  қолдау қаржы көлемі 2,5 есеге ұлғайған. Бірақ, өкінішке орай, өнім көлемі артқан жоқ, деп мәлімдеген министр алдағы жылы орын алатын өзгерістерден хабардар етті.

Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

2017 жылдан бастап мал шаруашылығында өнімнің литріне, келісіне, əр жұмыртқаға беріліп жатқан субсидиялар да өзгеріп, орнына техника сатып алуға берілетін субсидияларға бет бұрамыз. 

Берік ХАСЕНОВ