$526.5 €611.64 ₽6.72
×

Ұлттық банк ипотекалық несиелерді қайта қаржыландырмақ

AstanaTV
07.10.2015ж. 20:00
967
Ұлттық банк ипотекалық несиелерді қайта қаржыландырмақ

Ұлттық банк ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру үшін қосымша 16 миллиард теңге бөледі. Бұл жайында Ұлттық банктің департамент директоры Александр Терентьев мәлімдеді. Айтуынша, бұл жеңілдік несиені шетел валютасымен алғандарға қатысты. Қайта қаржыландыру 2015 жылдың 18 тамызындағы валютаның айырбас бағамы бойынша жүзеге асады. Еске салсақ, ол кезде бір АҚШ доллары 188,35 теңгені құраған.

Александр Терентьев, ҚР Ұлттық банкі департамент директоры:

Ипотекалық несиені қайта қаржыландыру мүмкіндігіне ие болатын азаматтың кепілге қойған баспанасының жалпы аумағы 120 шаршы метрді құрауы тиіс. Және алынған несие шетелдік валютада болса. Аталған бағдарламаға сай 25 мыңдай адамға көмектесу жоспары бар.

Қазақстандықтардың ипотекалық несие бойынша банктер алдындағы берешегі 1 триллион теңгеден асады. Ведомство өкілінің айтуынша, қарыздың  қордалануына көбіне несие алушылардың өз  шамасын дұрыс есептемеуі себеп. Тұрғындардың қаржылық сауатсыздығы да өз әсерін тигізген.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА