Ал
Қызылорда өңірінің дихандары дәл осы субсидия мәселесіне алаңдаулы. Қолдау
қаржының арқасында олар күріш бағасын қымбаттатпай келді. Көтерме баға 140
теңге көлемінде бекітілген. Базарда жоғары сұрыпты күріш құны келісіне 170-180
теңге. Аймақта үшінші жыл қатарынан рекордтық деңгейде өнім жиналды, биыл
алынған күріш 420 мың тоннадан астам. Оның 35 пайызы экспортқа
шығарылады. Шаруалардың бүгінгі тынысымен Шарипа Сақтапова танысып қайтты.
Көне комбайнды су жаңа заманға сай техникаға ауыстырған Жасұлан екі-үш ай
ішінде аймақтағы миллионерлер қатарына енді. Күндіз-түні аянбай төккен тер
ақталды. Сыйақысымен қосқанда, шаруа бір жарым миллион теңге табыс тапқан. «Бейнеттің
зейнеті деген осы болар», - дейді.
Жасұлан
Келдібаев, комбайншы:
Комбайн жаңа, ескі комбайнға қарағанда, айлығымыз 200-300 мың айына.
Дихандар алқаптардағы соңғы масақты жинап алуда. 1621 гектардың әр
қайсынан 58-60 центнерден өнім алынды.
Шаруашылық басшылары мұндай жетістікке жетуге бірнеше фактордың сеп болғанын
айтады.
Нұржан
Демеуов, шаруа қожалығының төрағасы:
Жүз
пайыз 1-2 репродукциялық тұқымдармен ектік. Осыдан екі жыл бұрын Краснодар
өлкесінен тұқым әкелгенбіз элиталық, 3 жылда тұқымды жаңартып тұрамыз.
Бүгінде
сұранысқа ие элиталық сұрыптағы күріштер баршылық. Ол ресейлік «Лидер», «Янтарь» мен жергілікті «Маржан»,
«КазЕр-6» сорттары. Биыл су тапшылығына қарамастан, 420 мың тоннадан астам
өнім жиналды.
Омархан
Пашкенов,
Қызылорда облыстық ауыл шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары:
Вегетация кезінде суармалы судың тапшылығы
сезілді. Көксарай су реттегішінде, Шардарада да былтырғыға қарағанда судың
көлемі аз болды. Облыстағы су шаруашылығы мамандарының тәжірибиелігінің
арқасында, суды үнемді пайдаланудың арқасында өзінің дәрежесінде қамтылды.
Әйтсе
де, дихандар келесі жылдағы егін науқаны үшін алаңдаулы. Мемлекет тарапынан берілетін
субсидия көлемінің азаю қауіпі бар.
Абзал
Ералиев, күріш өндірушілір мен өңдеушілер қауымдастығы
төрағасы:
Ауыл
шаруашылық министрлігі тарапынан күріш дақылына бір гектарына берілетін субсидияны алып тастауға жұмыс істеліп жатыр.
Шешімді дұрыс қабылдаған орынды ғой деп ойлаймын. Бір гектарына 23-25 мың
теңгенің арасында беріліп келді. Сол ақша көлемінде қалса дейміз, өйткені
себебі қазір өте қиын уақыт болып тұр.
Бүгінде күріш 170-180 теңгеден сатылуда. Баға өнім сапасына сай белгіленген. Ал
тазартылған күріштің келісі сыртқы нарыққа 180 теңгеден жіберілмек. Бізден
күрішті Тәжікстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Түркіменстан, Қырғызстан мен Ресейдің
бірнеше аймақтары алады.
Шарипа
САҚТАПОВА