Атырауда
темір жол маңындағы жүргіншілерден ақша бопсалаған полицей ұсталды. Кеше түнгі сағат
11 шамасында лейтенант шеніндегі әскери форма киген белгісіз азамат елдің
мазасын қашырған еді. Сол маңда жүрген патрульдік полиция қызметкерлері
күдіктінің әрекетінен секем алып қалады. Ал тексере келе, олар сорақы жағдайды
әшкереледі. Яғни формадағы тәртіп сақшысы емес, ұрлық жасады деген күдікке
ілініп, іздеуде жүрген адам болып шықты.
Батыс
Қазақстан облысының 19 жастағы тұрғыны өзі туралы жарытымды ештеңе айтпады. Бар
болғаны әскери киімді «тауып алдым» деп ақталмақ болған. Ал тәртіп сақшылары
оны тамыз айынан бері орын алған 3 бірдей ұрлық дерегі бойынша күдікті деп
таныды. Қазір жалған полицей уақытша қамау абақтысына жабылған. Қылмыстық іс
анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Ерлан Биғамбаев, Атырау
қаласы ІІБ бастығының орынбасары:
Ұстау
кезінде бұл азамат полиция
қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен болатын. Қалалық Ішкі істер басқармасына жеткізіліп, азаматтың 1996 жылы туылғандығы
анықталып, Атырау қалалық ІІБ тергеу бөлімімен ұрлық жасағаны үшін іздеуге жарияланған.
Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ