Каспий
қайраңын игеруге орай жасалған «Еуразия» жобасы аясында арнайы компания құру туралы шешім қабылданды.
Бұл жөнінде біздің арнамызға сұхбат берген Энергетика министрінің орынбасары
Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді. Жаңа кәсіпорын «Қазмұнайгаздың» еншілес
мекемесі ретінде осы жобаға қызығушылық танытқан инвесторлармен келіссөздер
жүргізу мақсатында құрылмақ. Қазірдің өзінде «СNPС» компаниясы жобаға қатысуға
ниет білдірген.
Батыстағы бірқатар мұнай-газ кәсіпорындары да 2017 жылы
басталатын геофизикалық зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытты. Каспий
қайраңындағы ұңғымалардан 2020 жылға қарай мұнай өндіріле бастайды деген жоспар
бар. «Еуразия» жобасымен тікелей айналысатын компания инвесторларға салықтық
жеңілдіктер жасау бағытындағы заңнамалармен айналысады», - дейді вице-министр.
Мағзұм
Мырзағалиев, ҚР Энергетика вице-министрі:
Әртүрлі
сарапшылардың пікрінше, ірі мұнай-газ өнімдері тереңдігі 7 мың мен 12 мың метр
тереңдіктен шығады. Сондықтан біз үшін бұл өте маңызды жоба. Сол себепті
бәріміз ат салысып, жұмыстанамыз. Бұған бірнеше ірі компаниялар да өз
қызығушылықтарын танытып отыр. Үлкен консорциум құрылады және бәріміз үлкен
мұнай-газ кен орны ашылатынына куә боламыз.
Ришат
АСҚАРБЕКҰЛЫ