$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ақтөбе облыстық ХҚКО мобильдік топтары ауылдарды аралауда

AstanaTV
08.10.2015ж. 20:00
Ақтөбе облыстық ХҚКО мобильдік топтары ауылдарды аралауда

Ақтөбе облыстық халыққа қызмет көрсету орталығының мобильдік топтары ауылдарды аралап жүр. Шалғай орналасқан елді мекен тұрғындарына құжат рәсімдеу үшін арнайы автокөлік бөлінген. Мақсат - мемлекеттік қызмет түрлерін қолжетімді ету. Бұл жолы мобильді топ Алға ауданына қарасты Маржанбұлақ ауылына келді. 500-ге жуық түтіні бар елді мекен аудан орталығынан айтарлықтай қашықта орналасқан.

Қаламқас Төлегенова, зейнеткер:

Кейбір мүмкіншіліктері жоқ үйлер бар, бара алмайтын, қиындық көріп. Документтер сосын ұзақ жүреді. Алға ауданы бізге деген қашықтау. Біз Ақтөбе арқылы барамыз. 100 километрден асады барып-келуіміз. Оңай емес халыққа.

Мансұр ЕСХОЖИН