Сауд
Арабиясы басқаратын коалицияның әскери әуе күштері Йеменде өткен үйлену тойын
әуеден атқылады. Салдарынан 15 шақты адам қаза тауып, 25-і жараланды, деп
хабарлайды Рейтерс.
Ұшақтар Дамар провинциясының Санбан ауданына екі рет
соққы жасаған. Ақпаратқа сүйенсек, коалиция жергілікті хоуситтердің жетекшісі
тұратын үйді көздеген. Куәгерлер шабуылға ұшырған үйде той болып жатқанын
айтады. Осыған ұқсас жағдай қыркүйек айының соңында болған еді. Ол кезде 131
адам ажал құшқан. Барлығы да тойға келген қонақтар болатын.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ