$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Анасы терезеден лақтырып жіберген 1,5 жасар сәби ауруханадан шықты

AstanaTV
08.10.2015ж. 20:00
1418
Анасы терезеден лақтырып жіберген 1,5 жасар сәби ауруханадан шықты

Анасы терезеден лақтырып жіберген 1,5 жасар сәбидің денсаулығына қауіп жоқ. Ауыр жарақатынан құлан таза айығып, туыстарының қолына табысталды. Бұл туралы Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының бас хирургі Нұржан Исабеков айтты. Сәби жан сақтау бөлімінен шыққан соң, 2-ші қалалық балалар ауруханасында оңалтудан өткен. 

Нұржан Исабеков, Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының бас хирургі:

Баланы әрі қарай бақылау керек. Сондықтан жергілікті емханаға бақылау қажеттілігі туралы нұсқау беріліп шығарылды. Екінші науқас - 1982 жылғы туылған науқас анасы - орталық клиникадан 25 қырқүйекте 1-ші қалалық клиниканың реабилитациялық бөліміне ауыстырылды. Онда оңалтудан,  симптоматикалық ем қабылдап, массаж алып жатыр. Жақында оны да шығару жоспарда бар.

Дәрігерлер, бөбектің анасына сот-медициналық сараптама тағайындалғанын, оны психологиялық тексеруден өткізетіндерін, айтты.

Еске салсақ, қайғылы оқиға 5 қыркүйекте Алматыдағы Сәтбаев пен Бауман көшелерінің қиылысындағы үйлердің бірінде болған. 33 жастағы әйел кәмелет жасына толмаған екі қызын 5 қабаттағы пәтердің терезесінен лақтырып, артынша өзі де секірген. 8 жасар қыз бала оқиға орнында көз жұмды, 1,5 жасар сәби мен оның анасы көптеген дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

Жадыра Құлмамырованы 2 айға қамауға алу туралы сот шешімі шықты. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің «адам өлімі» мен «қылмыстық іске итермелеу» баптары бойынша іс қозғалған. 

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ