$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Алматыда ипотекалық несиесін төлей алмай жүрген тұрғындар Ұлттық банк алдына жиналды

AstanaTV
09.10.2015ж. 20:00
1262
Алматыда ипотекалық несиесін төлей алмай жүрген тұрғындар Ұлттық банк алдына жиналды

Алматыда ипотекалық несиесін төлей алмай жүрген тұрғындар Ұлттық банктің алдына жиналды Олардың басым бөлігі банк қабылдаған арнайы бағдарламаға іліне алмағанын айтады. Аталған бағдарламаға сай, 2004-2009 жылдар аралығында алынған несиелер қайта қаржыландырылуы тиіс. Алайда жағдай мүлде керісінше, таяуда екі отбасы баспанасынан айырылған. Мұндай жағдайдың қайталануына жол бермеу үшін, Ұлттық банк шара қолдануы керек, - дейді олар.

Айгүл Үсейінова:

Менде сот болып жатыр, мені шығарып жіберді. Сотта отменить постанавление исполнительного округа города Алматы частного судоисполнителя отменить выселение деген. Соған қарамастан, шығарып жіберді.

Айта кетейік, қайта қаржыландыруға байланысты 9 мыңға жуық өтініш түскенін Ұлттық банктің басқарма басшысы арнайы ұйымдастырылған брифинг барысында айтқан еді. Жалпы сомасы 10 миллиард теңгеге жуықтаған бес мыңдай өтініш мақұлданды. Ұлттық банк өкілі, егер өтініштің қанағаттандырылмауы негізсіз болса, жергілікті әкімдік жанынан құрылған комиссияға жүгіну керек, дейді.

Дәмиля Байділдаева, ҚР Ұлттық банкі басқарма басшысы:

Бағдарламаның әлеуметтік бағытын ескере отырып, Ұлттық банк бірнеше өзгертулер мен толықтырулар енгізді. Ол, біріншіден, жаңағы халықтың осал топтарына жататын қарыз алушылардың қарыздары бойынша мемлекеттік баж сомаларынан босатып отыр. Бұл соманы Ұлттық банк екінші деңгейлі банк алдында өзі өтейтін болады. Ол шамамен 1 млрд теңгеден асатын сома. 

Самат ҚАНАҒАТОВ