Атырау облысының Ресеймен
шекаралас аумақтарындағы шабындық өрті екі апта дегенде толықтай сөндірілді.
Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілі хабарлады.
Нұрлан Жаңабаев, Атырау
облыстық ТЖД басқарма бастығы:
Қамыстың тамырлары тағы тұтанып кетпеуін толықтай
қадағалау мақсатында, Құрманғазы және Исатай аудандарының төтенше жағдайлар
бөлімдерің басшыларына қатаң тапсырма берілді. Сонымен қатар біздің өзімізде департаменттің кезекші бөлімінде ғарыштық
мониторинг орналасқан, біз күнделікті бақылауда ұстап, қадағалап отырмыз.
Еске салайық, Каспий
теңізіндегі бірқатар аралдарда қамыс-қопа өртеніп, төтенше жағдай қызметі аяғынан тік тұрған
еді. Құрманғазы ауданы мен Ресейдің
Астрахань облысына қарасты бірнеше ауылды көк түтін басты. Тілсіз жау 100 гектар жерді жалмап
үлгерген. Ресейліктер 25 тонна су шашатын алып ұшақпен
көмектесетінін жеткізген. Бірақ жергілікті құрам алапат өртті өз күшімен
сөндірді. Әуеден су шашатын тікұшақ 120 рет көтеріліп, 357 тонна су шашқан.
Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ