$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Өскеменде жедел медициналық жәрдем көрсету ауруханасы жабылып жатыр

AstanaTV
12.10.2015ж. 20:00
1092
Өскеменде жедел медициналық жәрдем көрсету ауруханасы жабылып жатыр

Өскеменде жедел медициналық жәрдем ауруханасы жабылып жатыр. Мұндай шешімді облыстық денсаулық сақтау басқармасы қабылдаған. Біздің арнамызға берген сұқбатында шенеуніктер бұл тек оңтайландыру шарасы екенін  айтты.

Жедел жәрдем ауруханасы талай жылдан бері халыққа қызмет көрсетіп келеді. Осыдан үш жыл бұрын санэпидемиологтар емдеу орнынан бірқатар заңсыздықтар тапқан. Аурухананы жабу туралы бас дәрігерге ұйғарым сол кезде берілген.

Сергей Попов, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

Ғимарат тым ескі. Сондықтан жаңа технологияны дамыту қиын. Қазір ұжымды қайда, қалай жайғастыру жағын ойластырып жатырмыз. Жедел жәрдем қызметі науқастарға орталықтандырылған түрде көрсетіледі.

Жедел жәрдем ауруханасының қай емдеу орнына қосылары белгісіз. Қызметкерлерді орналастыру жағы да нақтыланбаған. Денсаулық сақтау басқармасындағылар ешкім  жұмыссыз қалмайды деп отыр. Өйткені аймақта маман тапшы. 600 дәрігер мен медбике жетіспейді. «Сондықтан тәжірибелі хирургтерді кез келген мекеме жұмысқа алатыны сөзсіз», - дейді сала басшылары. Аурухананың тағдыры желтоқсан айында  шешіледі. 

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ